Астаналық мектеп түлектері үшін "соңғы қоңырау" соғылды

Фотография - Астаналық мектеп түлектері үшін "соңғы қоңырау" соғылды

№75 мектеп-гимназияда өткен салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты

258 0

Елордада 11 сынып оқушылары мектеппен қоштасты, 4 мыңнан астам түлек үшін бүгін "соңғы қоңырау" соғылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Түлектерге арналған мерекелік шара барысында мектеп директорлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-аналар сөз сөйлеп, өз тілектерін білдірді. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев № 60 мектеп-лицейдің түлектерін құттықтады.

– Бұл сіздер үшін қобалжу сәті, сіздер ересек өмірге аяқ басқалы тұрсыздар, алдарыңызда үлкен өмірлік жол тұр. Әр адамның тағдыры оның өзіне байланысты. Сіздер үшін барлық жағдайлар жасалды: мектепті бітірдіңдер, жақсы білім алдыңдар. Енді жаңа мамандықты игеріп, өмірден өз орындарыңды табуларыңа тілектеспін. Ақ жол болсын! – деді Е. Аманшаев түлектерге қаратып айтқан сөзінде.

№75 мектеп-гимназияда өткен салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты, ал вице-министр Эльмира Суханбердиева №1 мектеп-лицейдің түлектерін құттықтады.

Түлектер соңғы мектеп вальсын билеп, шара соңында көкке көгершіндер мен түрлі түсті шарлар ұшырылды.  

–  Бәріміз де қобалжып тұрмыз. Мектепті үздік бітіріп, ҰБТ-ға жақсылап дайындалып жатырмыз. Бәрі де 125 алсын. Сәттілік тілеймін, – деді Амангелдина Жанель.

Сонымен қатар, "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда дискотека, интерактивті конкурстар, флешмоб және т.б. қызықты ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Бұл күн түлектердің есінде мәңгі сақталып қалады.

Елордалық шығармашылық ұжымдар мен Оқушылар сарайының үздік әртістері керемет музыкалық және би номерлерімен баршаға жақсы көңіл-күй сыйлады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!