Алматыда балалардың жол жүруі тегін болады деген SMS-тер жалған болып шықты

Фотография - Алматыда балалардың жол жүруі тегін болады деген SMS-тер жалған болып шықты

Бұл туралы қалалық көлік басқармасынан хабарлады

198 0

Алматының қоғамдық көлігінде жаз бойы 15 жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін болады деген мазмұнда таратылған SMS хабарламалар жалған болып шықты. Бұл туралы қаланың көлік басқармасы хабарлады, деп жазады Today.kz

"Алматы әкімдігі мен Жолаушы тасымалы кәсіпорындарының бірлестігімен 2016 жылдың 1 маусымынан 31 тамызы аралығы 15 жасқа дейінгі балаларды "Забота" акциясы аясында тегін тасымалдау шешімі қаралмаған және қабылданбаған", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге басқармада "Автомобильді көліктер туралы" заңға сәйкес жалпы алғанда 7 жасқа дейінгі балалар ғана тегін жүретіні, ал 15 жасқа дейінгі балаларда 50 пайызға дейін жеңілдіктер болатынын еске салды.

Естеріңізге салсақ, ұқсас жағдай Астанада да болған. Астана тұрғындарына 6 шілде Қала күнін тойлау шеңберінде баспана салу бойынша мемлкеттік бағдарламамен тұрғызылған үйлердің кілтін табыстау жоспарланған деп жазылған хабарламалар келген. Кейін анықталғандай, бұл ақпарат жалған болып шықты. 25 мамыр күні полиция осы жалған ақпаратты тартуға күдікті әйелді ұстады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!