Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды

Фотография - Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды

Халық қаһарманы 1943 жылдың сәуір айында майданға аттанды

326 0

Ақмол облысында Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Today.kz  ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз әкеміздің құрметіне орай ол кісінің туып-өскен жерінде ескерткіш орнатылғанына алғыс білдіреміз. Бүгін ол 92 жасқа толар еді. Әкеміз адамдарға ұдайы қамқорлық және жомарттық танытатын. Ол жалынды патриот, өзінің ұстанымдарына берік, ғұмырын Отанға қызмет етуге сарп еткен өз ісінің кәсіпқойы болатын. Жас ұрпақтың еліміздің дара әрі ұлы тұлғасына қазығушылық білдіріп, үлгі алатыны қуантарлық жәйт", - деді әскери қайраткеріміздің қызы Айсұлу Нұрмағамбетова. "Аты аңызға айналған генералдың өмірлік жолы – бұл көптеген әскери қызметшілер үшін Отанға шексіз адал ету мен ерліктің жарқын үлгісі.  Біз барлығымыз Қарулы Күштеріміз құрылған сол күрделі, қиын-қыстау кезеңді жақсы білеміз. Ол шынымен өзінің тағдырын әскери қызметпен байланыстырған әрбір адам үшін үлгі тұтар азамат болды", - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылары, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшылары, жергілікті әскери басқару органдары, әскери қызметшілер мен  "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.  Атаулы іс-шара 68665 әскери бөлімінің құрмет қарауылы ротасы мен армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің салтанатты сап түзеуінен басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!