Шымкентте "Ұлттық музыка аспаптары" фестивалі өтті

Фотография - Шымкентте "Ұлттық музыка аспаптары" фестивалі өтті

Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Ұлттық музыка аспаптары" фестивалі өтті.

212 0

Алғаш рет ұйымдастырылған шара қазақтың көне аспаптарын дәріптеу, ұлттық жәдігер жасаушы шеберлерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсетуді көздейді. Фестивальге қатысқан 27 шебер өздері жасаған аспапта ойнау арқылы, оның жасалу жолы мен дыбыс үйлесіміне қарай бағасын алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының, мәдениет және халық шығармашылығы орталығының және «Көрме» орталығының ұйытқы болуымен бастау алған байқауда домбыра, жетіген, шертер, қобыз, сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ, даңғыра, дауылпаз, шаңқобыз және тағы басқа аспап түрлері насихатталды.

Нәтижесінде, фестивальдің бас жүлдесін түркістандық Дәурен Миншарипов алса, 1-орынға шымкенттік Дастан Шаметов, 2-орынға Молдабай Садибеков, 3-орынға Кендебай Қарабдалов, Дөңбай Ергешбай (Бәйдібек ауданы), Қожабек Садибековтер лайықты деп танылды. Салтанатты марапттауда байқауға қатысқан өзге де үміткерлер арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!