Ертең Алматыда "Ұлы дала ойындары" фестивалі өтеді

Фотография - Ертең Алматыда  "Ұлы дала ойындары" фестивалі өтеді

Фестивальде ұлттық спорттың 8 түрі бойынша жарыс өткізіледі.

475 0

2016 жылдың мамыр айының 28 жұлдызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойлары қарсаңында және "Спорттық Алматы" бағдарламасын дамыту мақсатында ұлттық спорт түрлерінен Республикалық "Ұлы Дала ойындары" фестивалі өтеді. Республикалық деңгейдегі ойындар фестивалін ұйымдастыруды Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп қолға алып отыр деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Республикалық "Ұлы дала ойындары" жобасының басты мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының іс жүзінде орындалуына ат салыса отырып, халқымыздың байырғы спорт ойындарын дамыту және халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті бекемдеу.

Фестивальде ұлттық спорттың 8 түрі бойынша жарыс өткізіледі. Атап айтқанда, 25 шақырымдық аламан бәйге, көкпар сайысы, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату ойыны, жамбы ату түрлерінен бәсеке ұйымдастырылса, осы мерейлі мерекенің көрермендері іс-шара барысында қолына құс қондырған құсбегілердің де еркін қимылын тамашалай алады.

"Ұлы дала ойындары" жобасына қатысатын командалар да үлкен сыннан өтіп, осы дүбірлі додаға жолдама алып отыр. Қазақ елінің тұңғыш астанасы атанған Орынбор қаласының, екінші астанасы Қызылорда қаласының, сондай-ақ, қазіргі таңда бұқара арасында «Оңтүстік астана» атауымен мәлім Алматы қаласының, қазіргі елордамыз Астана қаласының құрама командалары қатысады.

Дүбірлі доданың өтетін орны: Алматы қаласының орталық ипподромы.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!