Шымкентте өңірлердегі таланттарды дарындарды ашатын байқау өтті

Фотография - Шымкентте өңірлердегі таланттарды дарындарды ашатын байқау өтті

Күнгей өңірінде "Отырар таланттары-2016" өнер байқауы өз мәресіне жетті.

391 0

Күнгей өңірінде "Отырар таланттары-2016" өнер байқауы өз мәресіне жетті. Биыл бесінші рет өткізілген шара елді-мекендерден дарындыларды анықтау, қазақтың әдет-ғұрпын насихаттау және халық шығармашылығын дамытуды мақсат тұтқан, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Үш кезеңнен тұратын өнерпаздардың өнерлері мен шеберліктерін Қазақстанның Халық ақыны Әселхан Қалыбекова, сатирик Көпен Әмірбек, қолөнер шебері, академик Кендебай Қарабдалов, ақын Серік Сейтман, эстрада әншісі Хадиша Шалабаева, опера әншісі Ерлан Жандарбай, сазгер Берік Сексенбекұлы мен аталған байқаудың тұңғыш жеңімпазы Досхан Одамановтар саралады.

Отырар таланттарын анықтаған өнер байқауының гала-концертінде Отырар аспаны әнге бөленді. Ән сүйер қауымның басын қосқан дода соңында жеңімпаздар анықталып, сый-құрмет көрсетілді.

.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!