Астанада гүлдер фестивалі өтеді

Фотография - Астанада гүлдер фестивалі өтеді

Мерекелік шара барысында гүлдердің 32 мыңнан астам түрі көпшілік назарына ұсынылады

178 0

3-5 маусым аралығында "Қазақстан" спорт сарайының жанындағы Студенттік паркте алғаш рет "Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты гүлдер фестивалі өтеді. Мерекелік шара барысында гүлдердің 32 мыңнан астам түрі көпшілік назарына ұсынылады, оның ішінде шырайгүл, лобелия, алиссум, цинерария, дельфиниум және т.б. бар, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

- Гүлдер фестивалінің мақсаты гүл өсіру дәстүрін жаңғырту, мәдени кеңістік мүмкіндіктерін кеңейту, елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық дамуына тарту болып табылады. Фестивальді жыл сайын өткізіп, жаңа дәстүр қалыптастыруға ниеттіміз,- дейді "Астана-Зеленстрой" Басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

Бұл ретте ұйымдастырушылар көрермендер үшін қызықты бағдарлама әзірлемек. Шара барысында "Гүлден сабын жасау" тұжырымдамасына қатысуға болады, онда ересектер мен балалар өз қолымен гүлдің хош иісі бар сабындар мен балауыздар жасауды үйренеді. Бір жылдық гүлдер отырғызу бойынша шеберлік дәрістері өтеді, гүлдер базарынан жергілікті және отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуға болады, гүлдерден басқа түрлі ағаштар мен бұталар да сатылады. Сонымен қатар, парк аумағында "гүлдер" аспаздығынан дәм тату мүмкіндігі туады.

Фестиваль 3-5 маусым аралығында сағат 10:00 - 13:00 дейін өз қонақтарын күтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!