1538

ҚР-да салық төлемеген әлеуметтік желі арқылы сауда жасаушыларға айыппұл салынады

Салық көлемі пайданың үш пайызын құрайды.
Фотография - ҚР-да салық төлемеген әлеуметтік желі арқылы сауда жасаушыларға айыппұл салынады

Ғаламтор арқылы сауда жасайтын және қызмет көрсететін қазақстандықтарға ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин салық төлеу міндеті туралы еске салды, деп жазады Today.kz. Оның айтуынша, салық соммасы табыстың үш пайызын ғана құрайды.

"Біздің қызметкерлер өз тауарларын әлеуметтік желі арқылы сатып жүрген кәсіпкерлерді шақырып алып, оларға заң жүзінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе патент алу керектігі және салық төлеу міндеті туралы түсіндірді", - дейді комитет басшысы.

Сонымен бірге ол 2016 жылдың алғашқы тоқсанында бюджектке салықтан 2012 миллиард теңге түскенін айтады, бұл жақсы көрсеткіш.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан ТМД елдері бойынша Ғаламтор арқылы сауда жасаудан үздік үштікке кірген. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда дағдарысқа қарамастан онлайн-сауда көлемі ары қарай арта бермек.

Загрузка...