Алматыда алғаш рет барбекю-батл өтті

Фотография - Алматыда алғаш рет барбекю-батл өтті

Сайысқа белгілі тележүргізушілер, әншілер және цирк әртістері қатысты.

219 0

Алматыда шығармашылық адамдары арасында алғаш рет барбекю-батл өтті. Сайысқа белгілі тележүргізушілер, әншілер және цирк әртістері қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Жарысты ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтау кезінде "аспаздардың" асты жылдам дайындауымен қатар, тағамның дәмділігіне де мән берді.

Шараға қатысушылар акцияға қолдау көрсетіп, алдағы уақытта мұндай шараларға тұрақты түрде қатысып тұратындарын айтты.

Сайысты ұйымдастырушылар алдағы уақытта аспаздар жарысын журналистер, блогерлер, әншілер және өзге де қала тұрғындары арасында өткізетіндерін мәлім етті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!