Болат Бақауов Баянауыл ауданындағы туризмді сынға алды

Фотография - Болат Бақауов Баянауыл ауданындағы туризмді сынға алды

Аймақ басшысы қаржылай шығынға ұшырамай-ақ, қолдан келген жұмысты жасау керектігін атап өтті.

141 0

 Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында өңір туризмін сынға алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы қаржылай шығынға ұшырамай-ақ, қолдан келген жұмысты жасау керектігін атап өтті.

"Торайғыр көліне кіреберістегі стелланың жөндеу жұмыстарын қолға алып, билбордтар ілген дұрыс болады. Бұл аймақта бой көтерген үйлердің бәрін заңдастырып, болмаса Ұлттық табиғи саябақ қарамағына өткізу қажет. Жасыбай көліндегі заңсыз бизнеске тосқауыл қойып, тәртіпті күшейту керек. Жазғы демалыс таяп қалды, ал сіздерде тиісті жұмыстар жасалмаған. Ластанған Торайғыр көлін тазарту жұмыстарын да бастаған жөн", - деді Б. Бақауов.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары Торайғыр көлі 10-12 метрге тартылып, су кірлей бастаған. Өз кезегінде Ұлттық табиғи саябақ өкілдері ластанған Торайғыр көлін тазартудың жолдарын ұсынды. Көлді биологиялық жолмен тазартуға болады, мәселен балықтарды көптеп жіберу арқылы. Қыста қар аз жауып, көктемде су аз құйылды, ол аздай бұлақ бастаулары бітеліп, кірлеген, сондықтан да көл ластануда, - деді саябақ өкілдері.

"Тазарту жұмыстары барысында арнайы қондырғыларды да пайдаланбауға болмайды. Туризмды ұлттық дәстүрлемізді сақтап, әрі дәріптей отырып дамыту керек. Қонақтарға шипалы қымыз сусындарын ұсынып, атпен шабуды жалға беруге болады", - деді облыс әкімі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!