Ұйғыр ауданында 6 мыңнан астам шағын бизнес өкілі жұмыс істейді

Фотография - Ұйғыр ауданында 6 мыңнан астам шағын бизнес өкілі жұмыс істейді

Аграрлық сала мамандарына Кәсіпкерлер палатасының мамандары қолдау көрсетіп отыр

140 0

Индустрияландыру картасының арқасында Ұйғыр ауданында "Шонжы Агро" ЖШС өз жобасын сәтті жүзеге асыра бастады. Енді кәсіпкерлер жеміс ағаштарын өсіруге белсене кірісіп жатыр. Аграрлық сала мамандарына Кәсіпкерлер палатасының мамандары қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Кәсіпкерлер палатасы Ұйғыр аудандық филиалының директоры Муслим Амангелдінің айтуынша, "Шонжы Агро" ЖШС үшін бизнес-жоспар дайындалып, заңгерлер құрылтайшылық құжаттарды дайындауға көмектескен. Оларды өндіруші ретінде Индустрияландыру картасына енгізуге септескен. Мұнан кейін аймақтық несиелік кеңес компания үшін 800 гектар жер бөлді. Үш жыл ішінде кәсіпкерлер бөлінген аумақты түгелімен игеруді жоспарлап отыр. Биыл 100 га жерге өрік пен шабдалы көшеттерін отырғызбақ. Оның 30 гектарына ағаш қазір егілсе, қалған 70 гектарына күзде отырғызылады. Жалпы, жылына 400 тонна жеміс жинау жоспарланған.

Сонымен қатар, "Шонжы Агро" ЖШС жеміс-жидектердің сөлін сығатын зауыт ашуды межелеп отыр. Ешқандай қоспасыз, табиғи таза өнім – жеміс шырындары мен джем дайындамақ.

Жалпы, биыл Ұйғыр ауданында 261 га жерде жаңа бақ алқаптары пайда болды. Аудан бойынша барлығы 6 мыңнан астам шағын бизнес өкілі жұмыс істейді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!