Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары

Фотография - Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары

Қазақ тілін меңгеру студенттерді мәдени контекстке үңіліп, шығармашылық ойлауға, танымдарын кеңейтуге, әлеуметтік жағынан табысқа жетуеді.

444 0

Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында нақты бір білім, шеберлік, дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқаратын білікті мамандарға сұраныс артып келеді. Қоғамдағы тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай мамандардан тек қазақ тілінде сөйлеу дағдысын талап етіп қана қоймай, өз саласындағы заңнамалық құжаттарды дұрыс түсініп, сауатты жаза білуге, яғни кәсіби салаға қажетті тілдік құрылымдарды, терминдерді жетік меңгеруге міндеттейді. Сондай ақ алған тілдік білімін қатысымда ұтымды пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Бұл өз кезегінде қазіргі студенттің кәсіби қазақ тіліне деген сұранысының артуына ықпалын тигізіп, тілдік тұлғаның сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамытуға жол ашады. Бүгінгі студент – болашақ маман өзінің алға қойған мақсатына жетуі үшін үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін арттырып, бірнеше тілді жетік үйренуге ықылас таныта бастайды. Әсіресе ол кәсіби бағытына қарай, кәсіби тілді үйренуге қатты мән береді. Егер ол өз елінің патриоты болса, алдымен кәсіби қазақ тілін меңгеруден бастайды. Себебі, өз елінің мемлекеттік тілін жоғары қою – ұлттық, азаматтық құндылықтарды, кәсіби этикетті жоғары ұстайтын кез келген болашақ маман иелерінің парызы, қоғам алдындағы жауапкершілігі болып саналады. 
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол ең бастысы – Қазақстан халқын біріктіруші құрал ретінде; ақпаратқа қол жеткізу құралы ретінде; қазақ халқының дәстүрі мен мәдениеті, танымы мен түсінігіне терең үңілуге жол ашатын; қоғамның өндіріс, мәдениет, ғылым саласындағы халықаралық, ұлтаралық қарым қатынасын жүзеге асыру; сондай ақ, халықтық мәдениетті дамыту, тарату, сақтау құралы ретінде қызмет етеді. 
Қазақ тілін меңгеру студенттерді мәдени контекстке (мәнмәтін) үңіліп, шығармашылық ойлауға, танымдарын кеңейтуге, әлеуметтік жағынан табысқа жетуге көмектеседі. Студенттер өзіндік жұмыстарға дағды қалыптастырып, шығармашылық әрекеттерін шыңдайды. Қазақ тілін меңгеру арқылы тілдік пайымдаулар жасауға, сөйлеу әрекеттері арқылы логикалық тұжырым (талдау, синтездеу, салыстыру, қорыту) жасауға, айналадағы құбылыстарды көзбен көріп, олармен қарым қатынас жасауға қызығушылық танытуға және қабылдауға үйренеді. Сөйтіп бойларында еңбексүйгіштік, жігерлілік, мақсатқа жетушілік, белсенділік сынды қасиеттер қалыптасып, тілді меңгеруге құлшынысы артады.
Бұл айтылғандардың бәрі қазақ тілін меңгерудің кәсіби білімді жетілдіруге әсерін тигізетінін, жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің жолдарын көрсетеді. 
Кәсіби қазақ тілі жалпы білім берудің "филология" саласына жатады. Студенттердің филологиялық білімдерін, тілдік мәдениет пен тілдік құзіреттілік деңгейін жетілдіру "Қазақ тілінің" жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу пәні ретінде маңызын арттырады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!