Сенат депутаты: Қысқа шалбар мен сақал – экстремизмнiң белгiсi емес

Фотография - Сенат депутаты: Қысқа шалбар мен сақал – экстремизмнiң белгiсi емес

Заң бұзылып, қылмыстың белгiсi байқалғанда ғана құқық қорғау органдары қырағылық танытады.

296 0

Қысқа шалбар, мұрт пен сақал – бұл әлi экстремизмнiң белгiсi емес. Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары комитетiнiң төрағасы Серiк Ақылбай осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қысқа шалбар, мұрт пен сақал – бұл әлi экстремизмнiң белгiсi емес. Құқық қорғау органдары бiрiншi кезекте заң аясында жұмыс iстейдi. Заң бұзылып, қылмыстың белгiсi байқалғанда ғана құқық қорғау органдары қырағылық танытады. Философияда forum internum және  forum externum деген ұғымдар бар. Internum – бұл бiздiң iшкi дүниемiз, сенiм – шектеуге қиын абсолюттi құқық. Ал externum – бұл internum-ның, яғни, iштегi дүниенiң сыртқа шығуы. Бұл, мәселен, дұға, намаз оқу, егер оның экстремистiк наным-сенiмi болса – оның әрекетi, үгiт-насихаты, топ құруы, бағынбауға шақыруы секiлдi белгiлер көрiне бастайды", - дедi депутат тiлшiлердiң сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұндай әрекеттер сыртқа шықпай қоймайды. Өйткенi, қоғам және құқық қорғау органдары осы бағытта жұмыс істеп жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!