ОҚО-да жол белгілерінің заңдылығы тексерілді

Фотография - ОҚО-да жол белгілерінің заңдылығы тексерілді

ОҚО-да жол белгілерінің заңдылығына рейд жүргізілді

309 0

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен Шымкент қаласының автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайтып, тұрақтандыру мақсатында рейдтік іс-шарасы өтті.
Рейд кезінде орнатылған жол белгілерінің заңдылығына және жол бойындағы сауда орындары мен базарлар маңындағы автотұрақтарға тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде, "Аялдауға тыйым салынады" жол белгісінің талаптарын бұзған 46 автокөліктің жүргізушісіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама түзіліп, әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды. Сондай-ақ, автотұрақтарда анықталған заңбұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жою үшін сауда орындары мен базар басшыларына 15 ұйғарым берілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!