Алматыда аула сыпыру бойынша шеберлік сағаты өтпек

Фотография - Алматыда аула сыпыру бойынша шеберлік сағаты өтпек

Алматы қаласы қоғамдық қайраткерлерінің қатысуымен ерекше шеберлік сабағы өткізілетін болады.

165 0

2016 жылдың 2 маусымында, бейсенбі күні сағат 11:00-де "Алматы қаласының үздік аула сыпырушысы" әлеуметтік байқауының шеңберінде шеберлік сабағы өтеді.

Байқауды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Нағыз алматыша" Қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаларға кеңінен көңіл бөлетін "Эфес Қазақстан" компаниясы байқаудың бас демеушісі ретінде қатысып отыр.

"Алматы қаласының үздік аула сыпырушысы" байқауы алғаш рет 2013 жылы "Нағыз алматыша" жобасы шеңберінде бастау алып, жұртшылық тарапынан кең қызығушылықты тудырған жобаға айналды. Байқауға қатысатын әрбір аула сыпырушысында көп пәтерлі үйлердің аумағында оларға тағайындап қойылған жер телімі бар. Байқаудың мақсаты көп пәтерлі үйлердің тазалық пен реттілікте сақталуына жағдай жасап, сондай-ақ, Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық кешен жұмысшыларын ынталандыруды көздейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!