Ақтөбеде 13 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр

Фотография - Ақтөбеде 13 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр

Өндіріс орындарының алғашқылары бұдан 5 жыл бұрын қызметін тоқтатса, соңғысы 1 жыл бұрын жабылды.

305 0


Ақтөбеде 13 кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Оның 9-ы Ақтөбе қаласында, өзгесі аудандарда. Бұл туралы облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Ермағанбетов айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Түрлі себептерге байланысты жабылып қалған зауыттар бар. Олардың саны – 13. Өндіріс орындарының 9-ы Ақтөбе қаласында, өзгесі аудандарда. Оның ішінде құрылыс материалын шығаратын зауыттар мен кондитер фабрикасы да бар. Тіпті, қыш тақтайшаларын шығаратын зауыт қайта іске қосылғанымен, жабылып қалды. Тоқтап тұрған өндіріс орындарының барлығы тізімге алынып, иелерінің кейбірі зауытты сатуға шығарды, енді бірі инвесторларға жобаларын ұсынып отыр",- дейді Дархан Ермағанбетов.

Өндіріс орындарының алғашқылары бұдан 5 жыл бұрын қызметін тоқтатса, соңғысы 1 жыл бұрын жабылды.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында осы жылдың алғашқы 4 айында тау-кен, мұнай саласында өндіріс көлемі азайды. Оның негізгі себептері – мұнай өндіруші компаниялардың ұңғымаларында қатпарлы қысымның төмендеуі, кен орындарындағы қордың азаюы, мұнайдың экспорттық құнының төмендеуі. Сонымен қатар, Ресейдегі хром өңдеу зауытының уақытша тоқтауы ақтөбелік кәсіпорын өнімінің сұранысын азайтты. Өңірде мырыштың қоры да азайып барады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, биыл Ақтөбе облысында Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 жоба іске асырылып, 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Алдағы бес жылдықта құны 260 миллиард теңге болатын 23 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!