Астанада суға түсу маусымы ашылады

Фотография - Астанада суға түсу маусымы ашылады

1 маусымда суға шомылу маусымы шартты түрде басталғанымен Есілдегі судың температурасы небәрі +12 градус қана

236 0

Суға түсу маусымы қарсаңында Астана қаласының ТЖД тұрғындарды суда шомылу және көмек көрсету ережелерімен ақпараттандыру мақсатында брифинг өткізді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1 маусымда суға шомылу маусымы шартты түрде басталғанымен Есілдегі судың температурасы небәрі +12 градус қана, ал жүзуге болатын ең төменгі температура +20 градус болуы керек. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, маусым айында адамдардың суда қаза табу жағдайлары көп тіркеледі. Ауа температурасы жоғары болғанымен, судың тек жоғары қабаттары ғана жылынып, ал тереңінде 8-10°С төмен болады. Бұл қайғылы жағдайдың орын алуына әкелуі мүмкін.

– Адам өмірі – басты құндылық. Азаматтар суға түскен кезде қарапайым ережелерді сақтау керек екендігін түсінуі керек. Судың үстіңгі қабаты жылынғанымен, түбі суық. Осыған байланысты адамның сіңірлері тартылып, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Қала аумағында белгіленген 16 аймақта тиісті жұмыстар жүргізіліп, шомылу болатын және болмайтын орындар көрсетілген кестелер орнатылады, – дейді Астана қаласының ТЖД жою бөлімінің басшысы Эльдор Райымбеков.

Қазіргі кезде елордада 80 құтқарушы бар, тиісті жұмыстарға 23 катер тартылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!