Алматыда саяси репрессия құрбандары еске алынды

Фотография - Алматыда саяси репрессия құрбандары еске алынды

31 мамыр жыл сайын "Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні" ретінде аталып өтіледі.

303 0

Алматыда саяси репрессия құрбандары еске алынды. Аталған шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, жұртшылық өкілдері, сталиндік режим (аштық, жаппай жазалау, қуғындау, жазықсыз жандарды күштеп депортациялау) құрбандарының жақындары мен туыстары қатысты.

"Мемлекет басшысы Н. Ә.Назарбаев айтқандай, шынайы бірліктің арқасында қуатты әрі мызғымас елге айналғанымыз туралы тарихта мысал көп. Егер Әлихан Бөкейхановтың еңбектеріне көз жүгіртсек, "Алаш" қайраткерлерінің өздері халықтық пен мемлекеттіліктің қайнар көзі азаматтардың бірлігі мен келісімінде деген. Демек, мемлекетіміздің болашақтағы тәуелсіздігі, келер ұрпақтың бейбіт өмірі, бірлік пен келісім аясында ғұмыр кешу үшін нәубет заман құрбандарын еске алу парыз", - деді Б.Байбек.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес 31 мамыр жыл сайын "Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні" ретінде аталып өтіледі.

Қазақ елі үшін бұл ұрпақ санасынан өшпейтін қасіретті кезең еді. Сондықтан, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" ҚР Заңы қабылданды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!