Байбектің ескертуінен кейін Алматыдағы парк бір күнге бағасын екі есеге түсірді

Фотография - Байбектің ескертуінен кейін Алматыдағы парк бір күнге бағасын екі есеге түсірді

Фото: today.kz

Ата-аналар әкімге қымбат бағаға шағымданды

4423 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Балаларды қорғау күніне орай Горький атындағы Орталық саябақта болды. Саябақта балаларымен демалып жатқан ата-аналар атракционға міну құнының қымбат екенін қала басшысына айтып, шағымданды деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Қала тұрғындарының шағымын тыңдаған Бауыржан Байбек кіру билетінің құнын 50 пайызға арзандатуға уәде берді.

"Шынында да бүгін әкімге ата-аналар келіп шағымданды. Бүгін Балаларды қорғау күні болғандықтан біз атракциондар бағасын ескеруіміз керек еді, алайда ескермедік. Қазір, барлық балаларға атракциондарға міну кұнын 50 пайызға арзандаттық", - дейді "ТФК Алтын-Тараз" бас директоры Владимир Сидельковский.

Естеріңізге сала кетейік, саябақтың сайтында көрсетілген бағалар 150 теңгемен 3800 теңге аралығында. Ең жоғарғы болып саналатындары - дельфинмен шомылу, оның құны 20 мыңнан басталып 185 мыңға дейін тұрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!