Балқаш тұрғыны екі жасар баласын 30 мың теңгеге сатпақ болған

Фотография - Балқаш тұрғыны екі жасар баласын 30 мың теңгеге сатпақ болған

31 мамырда ҰҚКБ-ге 22 жасар ананың 2 жасар баланы ақшалай сыйақыға сатпақшы болып жатқаны туралы мәлімет түскен.

237 0

31 мамырда ҰҚКБ-ге 22 жасар ананың 2 жасар баланы ақшалай сыйақыға сатпақшы болып жатқаны туралы мәлімет түскен.

Полиция өзінің 2 жасар баласын 30 мың теңгеге сатпақшы болған 22 жасар Балқаш тұрғынын ұстады деп хабарлады Қарағанды ІІД баспасөз хатшысы Бахытжан Құдияров.

"Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері 22 жасар ананың баланы сату дерегінің алдын алды", — деді Құдияров.

Оның мәліметінше, 31 мамырда ҰҚКБ-ге 22 жасар ананың 2 жасар баланы ақшалай сыйақыға сатпақшы болып жатқаны туралы мәлімет түскен.

"Жедел іш-шаралар жүргізу нәтижесінде жалпы сомасы 30 мың теңге болатын ақшаны беру кезінде қаланың тұрғыны анықталып, ұсталды", — деп хабарлады полиция өкілі.

ҚР ҚК  135 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!