Ертең "Мерейлі отбасы" конкурсының жеңімпаздары марапатталады

Фотография - Ертең "Мерейлі отбасы" конкурсының жеңімпаздары марапатталады

Конкурсқа қатысушылар үш кезеңнен өтеді – аудандық, облыстық және республикалық.

237 0

3 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 15:00 "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсқа қатысушылар үш кезеңнен өтеді – аудандық, облыстық және республикалық.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу Ережелеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының тұрғындарынан құжаттар қабылдана бастады. Аталған кезеңде қала әкімдігіне елордалық отбасылардан 94 өтініш келіп түсті. Кандидаттардың ішінде әр түрлі тарихы бар және отбасылық бақытқа қол жеткізудің ерекше жолдарын білетін әулеттер бар.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік отбасыларды марапаттау салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!