Павлодар облысында ҰБТ-ның алғашқы күні 7 оқушы үздік нәтижеге қол жеткізді

Фотография - Павлодар облысында ҰБТ-ның алғашқы күні 7 оқушы үздік нәтижеге қол жеткізді

Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен сынақты өткізу кестесіне сәйкес кеше Павлодар облысында сынақ үш пункте ұйымдастырылды.

213 0

Павлодар облысында ҰБТ-ның алғашқы күні 7 түлек үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы білім беру мониторингі бөлімінің басшысы Роза Балтабекованың айтуынша, бірінші лекте "Жас дарын" мектебінің оқушысы Айдана Әуезханова 124 балл, облыстық көп салалы лицей-интернатының оқушылары Аяужан Бахитова мен Дамира Нұрекенова 123 балл жинаған.

"Айта кетерлігі, Екібастұз қаласындағы "Зерде" мектебінің түлегі Мәдина Бралинова, Павлодар қаласының №3 гимназиясынан Әділ Нұргазин, Екібастұз қаласының №28 жалпы орта білім беру мектебінен Жұлдыз Бағдатова және Лебяжі ауданының Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінен Зарина Меделханова 122 балл жинады", - деп мәлімдеді бөлім басшысы.

Айта кетейік, ұлттық тестілеу орталығы бекіткен сынақты өткізу кестесіне сәйкес кеше Павлодар облысында сынақ үш пункте ұйымдастырылды. ҰБТ-ға 1242 оқушы қатысуы тиіс болатын. Алайда, 58 түлек түрлі себептермен сынаққа қатысқан жоқ.

"Олардың 16-сы ҰБТ-ны дәстүрлі емтиханға алмастырса, 42-сі халықаралық олимпиада жеңімпаздары ретінде сынақтан босатылды. Осылайша алғашқы лекте барлығы 1184 ұл-қыз білімін саралады. Тестілеудің алғашқы күні  орташа балл 87,7 құрады. Ең жоғары орташа балл Павлодар қаласының "Жас Дарын" мектебіне тиесілі, бұл білім ошағының көрсеткіші – 112 балл. "Алтын белгіге" үміткер 54 түлектің 41-і білімін растады, ал Үздік аттестаттан үмітті 39 оқушының 18-і тиісті балын жинады", - деді Р.Балтабекова.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!