Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Фотография - Елордада ҰБТ бойынша орташа балл 91,3 құрады

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар

628 0

Бейсенбі күні, 2 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда бойынша орташа балл 91,3 құрады. Ұлттық емтиханның бірінші күнінің қорытындысы бойынша екі түлек – қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінің және №15 мектеп-лицейінің оқушысы ең жоғары балл (124) жинаған.

Жалпы, 1058 оқушы тест тапсырды, соның ішінде 707-сі қазақ тілінде, 351-і орыс тілінде оқығандар. Тестілеу кезінде аудиториядан шығарылғандар немесе тест нәтижелерін жою жағдайлары тіркелген жоқ.

Бүгін тестілеу Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтіп жатыр.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2-6 маусым аралығында өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!