ҰБТ-ныңы бірінші күні: 2,2 мыңнан астам түлек ең төмен баллды жинай алмады

Фотография - ҰБТ-ныңы бірінші күні: 2,2 мыңнан астам түлек ең төмен баллды жинай алмады

8 522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды

386 0

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күн қорытындысы бойынша 2,2 мыңнан астам түлек ең төмен баллды жинай алмады, деп хабарланады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

"Көрсеткіштің 2015 жылмен салыстырғанда 4 баллға өсу себебі тестілеуге дайындықтың өсуі. 50 балл көрсеткішіне 2 277 түлек (12,6 %) жете алмады; (2015 жылы — 3 478 – 18,4%)", — делінген хабарламада.

ҰБТ 44 тестілеу пункттерінде өткізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш жазған 18 599 түлектің 17 934  тестілеуге қатысты (96,4%). Олардың 13 026 қазақ, 4 908 орыс тілдерінде. Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың қорытындылары жойылды.

8 522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 жылы – 7 712). Орташа балл – 83,7. 2015 жылы – 79,7.

125 баллды Алматы қаласының 3 түлегі жинап алды. Алматы қаласында: 2 түлек №159 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясынан, 1 түлек №12 мектеп-гимназиясынан. 2015 жылы –1 түлек. 100 баллдан жоғары алған түлек саны — 3 834 (21,3%). 2015 жылы –  3 409  (18,1%).

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!