Студенттік паркте гүлдер фестивалі ашылды

Фотография - Студенттік паркте гүлдер фестивалі ашылды

Келушілер назарына көп жылдық гүлдерден құралған ағылшындық стильдегі 167 бұталы өсімдік пен жасанды тоған ұсынылады

137 0

Астанада "Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты гүлдер фестивалі ашылды. Үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары базар аралап, «гүл» тағамдардан дәм татып, өз қолымен раушангүл немесе пион түріндегі сабын жасай алады, тіпті, өсімдіктер де отырғызады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Келушілер назарына көп жылдық гүлдерден құралған ағылшындық стильдегі 167 бұталы өсімдік пен жасанды тоған ұсынылады.

Арнайы базарда жергілікті және шетелдік өкілдерден гүлдердің, ағаштар мен бұталардың түр-түрін сатып алуға болады.

Мерекеде ұсынылған 32 мың гүл түстерінен көз тұнады. Өсімдіктерден жасалған жасыл пішіндер шараға қосымша көрік береді.

– Бүгін елордада алғаш рет "Гүлдене бер, менің Қазақстаным" атты гүлдер фестивалі өткізіліп жатыр. Шараның мақсаты – бірінші кезекте гүл өсіру дәстүрін жандандыру, сондай-ақ, қала тұрғындарын аталған шараны жыл сайын өткізу үшін жаңа дәстүр қалыптастыруға, мәдени тұрғыдан дамуға тарту болып табылады, – дейді "Астана-Зеленстрой" Басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

Фестиваль барысында өткізілетін конкурстардың басым бөлігі балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған. Олар гүлдердің хош иісі шығатын сабындар мен балауыздар жасап, сурет салу байқауына қатысты.

– Сурет салуды ұнатамын. Астанада гүлдер мерекесі өтіп жатыр, бәріміз де гүлбен байланысты суреттер, түрлі картиналар салып жатырмыз. Мен көкнәр гүлдерін салдым. осындай шараларды жақсы көремін, өйткені қалада жиі өткізіледі, - деді Адина Кариева.

51bd0ef86d8b8b870db85ef6f0b.jpeg

Гүлдер фестивалі 4-5 маусымда сағат 10.00-13.00 аралығында өз қонақтарын күтеді. Мерекелік шара 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!