Бас Мүфти Рамазанда тұрмыстық заттарға жеңілдік жасауды сұрады

Фотография - Бас Мүфти Рамазанда тұрмыстық заттарға жеңілдік жасауды сұрады

Рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік

168 0

Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді, деп хабарлалы ҚМДБ ресми сайты.

"Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін", – деді Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы айтқандай, рамазан – қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: "Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері", – деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!