Алмалы ауданында "Дара бала" шағын-орталығы ашылды

Фотография - Алмалы ауданында "Дара бала" шағын-орталығы ашылды

Іс-шара барысында аудан мектептерінің шығармашылық ұйымдары мен талантты жастар өнерін көрсетті.

345 0

Баланы тал бесіктен тәрбиелеп, жастайынан тілін жетілдіріп, санамақ, бес саусақ, тақпақ, жаңылтпаш айттыру, сонымен қатар ертегі тыңдатып, бесік жырына, батырлар жырына ұйыту, ерлікке, отанын сүюге, жерін қорғауға баулу, дара бала ету әр ата- ананың басты мақсаты болуы тиіс. 

Осы мәселелерді басты назарға ала отырып 1 маусым күні Алмалы ауданында "ДАРА БАЛА" шағын-орталығы ашылды. Іс-шара барысында аудан  мектептерінің шығармашылық ұйымдары мен талантты жастар өнерін көрсетті.

Орталықтың ерекшелігі: Сәкен Болысовтың «Жеті ойыншық» тауарлық белгісі бойынша дайындалған ұлттық нақыштағы баланың шеберлігін шыңдап, ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін сапалы экологиялық таза, синтетикалық еріткіші жоқ, токсинсіз эмульсия мен боялған ойыншықтарымен, Санжар Керімбайдың этно-педагогика негізінде құрастырылған кітаптарын қолдана отырып, білікті педагог, республикалық көркемсөз шебері, педагогика ғылымдарының магистрі Гульмира Шойжан балалармен жұмыс жасайды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, "Мемлекеттік тілге құрмет" бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері  Асылы Осман Әлиқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Гүлшара Есетқызы,
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Қазақстан журналистер одағының және Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты, белгілі журналист, ақын, аудармашы Гүлзира Серғазы, Алмалы аудандық білім беру бөлімі  қызметкерлері қатысты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!