Сарыағашта көшпелі жиын өтті

Фотография - Сарыағашта көшпелі жиын өтті

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды

310 0

Сарыағаш ауданында өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тұңғыш рет көшпелі мәжілісі өтті. Оған облыс әкімдігі аппараты мен барлық аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары қатысты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Оның бірі - 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы болса, екіншісі - республикалық және облыстық жолдар бойындағы инфрақұрылымның дамуы еді.
Сонымен қатар, жиында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу және сегменттелген жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысы мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері де сөз болды. Көшпелі жиынның талқылаған соңғы мәселесі - Сарыағаш ауданының даму жайы.

Аталған тақырыптар аясында облыс әкімінің тиісті салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті құрылым басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың барысын жеткізді.

Отырыста баяндалған жұмыстардың ретімен танысқан аймақ басшысы "Нұрлы жол" бағдарламасын орындауда құрылыс нысандарының нормасын бұзған және кестеден кешіккен Түркістан, Қазығұрт және Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласы әкімдерінің жұмысын сынады.
Жиында өңір басшысының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына да көңілі толмады. Бұл ретте аймақ әкімі Түркістан қаласы әкімінің жұмысын назарға алып, осы сынды олқылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдауды жүктеді.

Сондай-ақ, отырыста облыс әкімі аудан әкімдері мен басқарма басшыларының кейбір аудандар мен басқармалардың даму стратегиясының жоқтығын алға тартты. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған кемшіліктер осы жылдың 1-жарты жылдығына дейін орындалуы тиіс.

Сарыағаш ауданына сапары кезінде аймақ басшысы осы күні жаңадан ашылған "Яссы Нан" ЖШС-ы мен аудандық сот ғимаратының, сонымен бірге, жергілікті полиция бөлімі мен судан құтқару қызметінің ғимаратын аралап, жұмысымен танысты. Сонымен бірге, ол Өзбекстанмен шекаралас "Жібек жолы" шекара бекетіне арнайы барды. Жұмыс сапары аясында облыс басшысы ондағы кедендік қызмет көрсетуді, бақылау жүйесін жаңартуды және инфрақұрылым мәселесін реттеуді тапсырды. 

Айта кету керек, аудандар мен қалалар арасында тәжірибе алмасып, ондағы әкімдерге қатысты өзекті мәселелерді қарастыруды мақсат тұтқан мұндай көшпелі жиындар алдағы уақытта да өтетін болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!