Астанада су сору жұмыстарына 70 артық арнайы техника тартылды

Фотография - Астанада су сору жұмыстарына 70 артық арнайы техника тартылды

Кешегі су сору жұмыстарына 72 ассенизаторлық машина тартылды,

158 0

Астанада жауын жауып, күн күркіреді. Қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суларды сору жұмыстарына кірісті.

Кешегі су сору жұмыстарына 72 ассенизаторлық машина тартылды, соның ішінде "Алматы" ауданында – 26, "Сарыарқа" ауданында - 17, "Есіл" ауданында - 29.

Синоптиктердің болжамына, ертең, 5 маусымда күн ала бұлтты болады, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа температурасы +13…+15°С, күндіз +23…+25°С болуы ықтимал.

Дүйсенбі күні, 6 маусымда жауын-шашын болмайды. Күндіз +23…+25°С жылы болады, түнде сынап бағанасы +10…+12°С көрсетеді.

7 маусымда күндіз +25…+27°С ыстық болады. Синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде +13…+15°С жылы болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!