Журналистер қазақ тілінде ақпарат бермейтін баспасөз хатшыларына өкпелі

Фотография - Журналистер қазақ тілінде ақпарат бермейтін баспасөз хатшыларына өкпелі

Қарағанды облысының қазақ тілді журналистері ақпарат таратудан бөлек, "аудармашы" қызметін де қатар атқаратын болдық дейді.

132 0

Қарағанды облысында шенеуніктерсіз өткен жиында аймақтағы қазақтілді тілшілер өз мұңдарын шақты деп хабарлайды өңірден nur.kz.

Соңғы бір жарым жылда Қарағанды облысының қазақ тілді журналистері ақпарат таратудан бөлек, "аудармашы" қызметін де қатар атқаратын болдық дейді. Себебі, облыс әкімдігінен бастап, өңірдегі жиырма бес мекеменің баспасөз хатшыларының 90 пайызы тек ресми тілде ақпарат береді екен.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы, "Айқын" газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ләззат Қожахметова дәл осы мәселені бір ай бұрын облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке тікелей эфирде айтқан болатын. Қазақ тілді тілшілерге ақпарат кеш жіберіледі немесе бір күннен соң жетеді деген еді. Бірақ, айтылған сұрақ сол бойы шешілмей, баспасөз хатшылары бұрынғы әуеніне салынып жүр дейді.

Қарағандыдағы журналистер қазақ тілінде ақпарат бермейтін баспасөз хатшыларына өкпелі

"Мен тікелей эфирде әкімнің өзіне осы сұрақты қойдым. Түсінбегені ме, білмеймін. Еш жауап қатпады. Біз өңірдің тыныс-тіршілігін насихаттап, барлық жиындарды газет бетіне беруге тырысамын. Алайда, көп уақытымыз орысша ақпаратты қазақшаға аударумен өтеді", - дейді "Айқын" газетінің өңірдегі тілшісі Ләззат Қожахметова.

Қарағандыдағы журналистер қазақ тілінде ақпарат бермейтін баспасөз хатшыларына өкпелі

Он бес шақты журналистің барлығы облыс әкімінде үш бірдей хатшы отырып бір қазақша ақпарат берілмеуіне қынжылады. Соның кесірінен, сайт пен газет беттерінде материалдары кешігіп шығатын көрінеді. Тіпті, шенділердің өзі жиын өткізгенде бірде біреуі қазақша баяндама оқымайды дейді. Ол аз болса, атқамінерлердің көбі мемлекеттік тілде сұхбат беруден бас тартып, "аударып аласыңдар" дейтіндері де болады екен.

Қарағандыдағы журналистер қазақ тілінде ақпарат бермейтін баспасөз хатшыларына өкпелі

Жиында әкімдіктен бөлек қаладағы 25 мекеме, ұйым, департаменттің хатшыларына шақырту жазылған. Алайда, хатшылардың тек бесеуі келді. Тілімізді қазақшаға "сындырып" күні ертеңнен бастап, мемлекеттік тілде ақпар таратамыз деп серт беріп кетті. Ал, журналист көрсе жын көргендей ала қашып, сұхбат беруден бас тартатын шенділерді тілшілер енді, әкімдік сайтының жанынан ашылған арнайы блогқа шағым жазуға әбден болады екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!