Алматыда әуе компания ескі Як-40 ұшағын "мейірімді қолға" тегін береді

Фотография - Алматыда әуе компания ескі Як-40 ұшағын "мейірімді қолға" тегін береді

Ұшақтың иелері ұшақты алғысы келгендерге оның не үшін керек екендігін егжей-тегжейлі жазуларын сұрайды.

561 0

"Air Control" әуе компаниясының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Як-40 ұшағын мейірімді жандарға тегін беру туралы хабарландыру жарияланды.

"Ұшақты жақсы қолға тегін береміз. Достар, біздің таңқаларлық ұсынымыз бар! Біздің паркте ЯК-40 ұшағы бар. Кезінде бұл ұшақ талай рет көкке көтерілді, отандық авиацияға қалтқысыз еңбек етті. Бірақ, ұшақтардың да еңбек қызметінің шегі болады ғой. Борт қызметін өтеп болып, енді Алматы әуежайының паркінен орын алды. Сондықтан, біз қанатты досымызды мейірімді жандардың қолына тегін тапсыруға дайынбыз. Тек олар оны игілікті іске пайдаланса болғаны", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ұшақтың иелері ұшақты алғысы келгендерге оның не үшін керек екендігін егжей-тегжейлі жазуларын сұрайды.  

"Біз әрине ұсыныстарды жан-жақты қарап, ішінен ең үздігін таңдаймыз. Егер ұшақ әлеуметтік жобаға пайдаланылар болса, қуанышымызда шек болмас еді. Мысалы, ұшақты балаларға қуана-қуана берер едік. Ол бала бақша үшін тамаша аттракцион емес пе?", — делінген хабарламада.

newskaz.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!