Елордада Сабантой халық мерекесі аталып өтті

Фотография - Елордада Сабантой халық мерекесі аталып өтті

Мерекеге келгендер түрлі жарыстарға, ұлттық ойындарға қатысып, татар-башқұрт халықтарының ұлттық дәмдерінен ауыз тие алады

133 0

"Жастар" сарайының алдындағы алаңда Сабантой халық мерекесі аталып өтті. Еңбек пен достық шарасына еліміздің түкпір-түкпірінен татар мен башқұрт ұлтының өкілдері жиналып, басты қонақтардың бірі Қазан қаласынан келген шығармашылық ұжымдар болды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Сабантой" - жер өңдеу мерекесі ғана емес, ол халықтың туған тілін, төл мәдениетін, қонақжайлылығы мен кішіпейілділігін сақтауға деген талпыныс, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын ерекше мейрам.

Астана қаласының әкімі Ермек Аманшаев қала тұрғындарын аталған мерекемен құттықтап, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне ынтымақтылығы, елордада және елімізде бейбітшілік пен келісімді дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

Мерекеге келгендер түрлі жарыстарға, ұлттық ойындарға қатысып, татар-башқұрт халықтарының ұлттық дәмдерінен ауыз тие алады. Арқан тартып, иінағашпен жүгіріп, қаппен секірді. Құмыралар жарып, армрестлингтен және гір көтеруден күш сынасты.

Балалар үшін арнайы "Әкият" ертегі алаңы жасалды. Сондай-ақ, палуандардың "Көрәш" ұлттық күресінен Қазақстанның абсолюттік чемпионаты астаналықтардың ерекше қызығушылығын оятты.

- Астанада өтетін мерекеге барлық облыстардың өкілдері, еліміздің бес өңірінен әртістер және Қазан қаласынан қонақтар келді. Бүгін би билеп, ән салып, ұлттық ойындарға қатысып, демалып жатырмыз, - деді "Таң" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Рафик Валиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!