Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

Фотография - Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

Өңірдің агроөндірістік кешендерімен 4,217 миллион гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдары себілді

180 0

Ақмолалық диқандар тұқым себу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аппарат мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның келтірген мәліметі бойынша көктемгі егіс науқаны дайындығының тиісті деңгейде ұйымдастырылуының арқасында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқым себуді жоғары агротехникалық деңгейде және қысқа мерзім ішінде аяқтаған.

"Өңірдің агроөндірістік кешендерімен 4,217 миллион гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдары себілді. Майлы дақылдар 206,7 мың гектаркөпжылдық шөп - 36,6 мың гектар, жүгері сүрлемі - 8,9 мың гектар жерге егілді. Оған қоса,  18,7 мың гектар алқапқа картоп отырғызылып, 4,4 мың гектар жерге көкөніс егілді", деді Мұрат Балпан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!