Елордалық аула клубтары жаңа форматта жұмыс істейтін болады

Фотография - Елордалық аула клубтары жаңа форматта жұмыс істейтін болады

Қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын орталықтар құру жоспарланған

207 0

Астанадағы ең үлкен "Жас қанат" аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезеңте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді "Астана жастары" КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған "Жас қанат" аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

– Балалар лагерьге барады, тауға, ашық далаларға шығады, от жағып үйренеді –жастар үшін мұның бәрі қызық нәрсе. Сондай-ақ, жас астаналықтар театр өнерімен, йогамен, техникалық шығармашылықпен танысады, – дейді Аида Санат.

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, денсі сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!