Елордада кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Фотография - Елордада кейбір автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Қонаев к-сі – Орынбор к-сі – Алматы к-сі – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі Достық көшесіне кірмей, бұрынғы сызба бойынша

291 0

 Астанада 7-10 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 20 қалалық және 7 қала маңына қатынайтын маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Атап айтқанда: - № 12 маршрут: Қонаев к-сі – Орынбор к-сі – Алматы к-сі – Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі Достық көшесіне кірмей, бұрынғы сызба бойынша; 

- № 40 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы, одан әрі Орынбор, Достық және Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша; 

- № 46 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық к-сі – Орынбор к-сі – Қонаев к-сі –  Түркістан к-сі – Сарайшық к-сі, Достық көшесіне кірмейді;

 - № 50 маршрут: Керей, Жәнібек хандар к-сі – Орынбор к-сі – Сарайшық к-сі – Түркістан к-сі – Қонаев к-сі – Орынбор к-сі, Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді; 

- № 51 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы, одан әрі Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;

  - № 52 маршрут: Қонаев к-сі – Орынбор к-сі – Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сығанақ, Сауран көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша; 

- № 56 маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Хан Шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы – Қонаев к-сі, Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмейді; 

- № 60 маршрут: Орынбор к-сі – Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді;

 - № 101 экспресс-маршрут: Орынбор к-сі – Қонаев к-сі – Тұран даңғылы – Сығанақ к-сі, одан әрі Достық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылына кірмей, бұрынғы сызба бойынша;

 - қала маңына қатынайтын № 300, 305, 312 маршруттар: Тұран даңғылы – Хан шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы мен Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт - Хан шатырдың артына тоқтайды; 

- қала маңына қатынайтын № 302, 303, 308, 309 маршруттар: Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев к-сі – Хан шатырды айналып шығады – Тұран даңғылы, Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт – Хан шатырдың артына тоқтайды. 

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!