Жалған анықтама бергендер жауапқа тартылды

Фотография - Жалған анықтама бергендер жауапқа тартылды

Прокурорлық тексеру барысында 3 дәрігер жауапқа тартылды.

275 0

Атырау облыстық психоневрологиялық диспансерінің дәрігерлері өздерінде есепте тұрған науқастарға "сау" деген жалған анықтама беріп келген. Прокурорлық тексеру барысында 3 дәрігер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Дәрігер-психиатрлар жүйкесі сыр берген жандарға көлік құралдарын басқару куәлігіне қажет анықталамаларды  заңсыз беріп келген. Дәрігерлердің бұл былығы прокурорлық тексеру шаралары кезінде белгілі болды. Әзірге дейін  арнайы есепте тұрған 3 науқасқа көлік жүргізу куәлігін алуға қажетті анықтама бергендері дәлелденді.  

"Қала прокуратурасымен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына заң бұзушылықтарды жою үшін прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, облыстық психиатриялық жүйке-тамырлар диспансерінің  2 дәрігері қатаң тәртіптік жауапкершіліккке тартылып, 1 дәрігер-психиатр қызметінен босатылды. Бұған қоса қала прокуратурасының ұсынысына сәйкес ІІД-мен заңсыз берілген жүргізуші куәліктерінің құқығын тоқтату бойынша Атырау қалалық сотына арыз берілді", - дейді Атырау қалалық прокуратурасының қызметкері Айбек Қанатбеков.

Қазір прокуратура қызметкерлері, аталған медициналық мекеме қызметкерлері мен арнайы тіркеуде тұрғандардың барлық әрекеттерін тексеру жүгізіп жатыр



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!