Бәйдібекте алтын құрсақты аналардың саны артты

Фотография - Бәйдібекте алтын құрсақты аналардың саны артты

Салтанатты кездесу кезінде аудан басшысы аналарды осынау марапатпен құттықтады

273 0

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Көшербай аудандағы 14 ананы "алтын" және "күміс" алқамен марапаттады,деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

        Салтанатты кездесу кезінде аудан басшысы аналарды осынау марапатпен құттықтады. Сонымен бірге, Б.Көшербай еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды атап өтіп, балалар болашағы үшін ауданда жасалып жатқан жұмыстар ретіне тоқталды.

Жиында марапатталған аналар атынан сөз алған "Алтын алқа" иегері А.Амангелдиева нәзік жандыларға көрсетіліп жатқан жұмыстар үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда, Бәйдібекте 2598 "алтын" және "күміс" алқа иегері бар. Жыл сайын ауданда он және оданда көп баланы дүниеге әкелген 372 батыр анаға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетіліп,  аудан тарапынан шипажайларға демалу үшін  жолдамамен  қамтамасыз  етіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!