Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Фотография - Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Жиынға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Б.Сапарбаев қатысты.

317 0

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Бас мүфти іс сапар барысында "Нұр Ғасыр" мешітінде Ақтөбе облысындағы имамдар, теологтар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, діни ахуал мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Жиынға "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Б.Сапарбаев қатысты.

Шара барысында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халықты сабырға шақыра келе Діни басқарма Ақтөбе өңірінде орын алған лаңкестік әрекетті айыптайтындығын жеткізді.

"Пайғамбарымыз Мәдина қаласына қоныс аударған кезде мәдиналық еврей халқымен ортақ келісіммен өмір сүрді. Сондай-ақ, қасиетті Құранда нақақтан нақақ бір адамды өлтірген адам мәңгілік тозақта қалады делінген. Ал, осындай мұсылмандық ұстанымдарды аяққа таптап, ел ішінде бүлік салушылардың әрекеті нағыз қылмыс. Өйткені, Ислам діні адамдарды бейбітшілікке, төзімділікке, мейірімділікке үндейді. Осы тұста имамдар теріс ағымның алдын алу мақсатында жүйелі іс-шараларды жүргізуі қажет", деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, Бас мүфти облыстағы бас имамдармен аймақтағы діни ахуалды талқылап, бірқатар тапсырмалар берді.   

Фото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kzФото - muftyat.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!