Алматыда заңсыз салынған кәуапхана мен дәретхана сүрілді

Фотография - Алматыда заңсыз салынған кәуапхана мен дәретхана сүрілді

Фото: today.kz

Заңсыз салынған құрылыстар МСҚБ талабы бойынша сүрілді.

1104 0

Алматыда заңсыз салынған құрылыстарды сүру жұмыстары жалғастырылуда. "Школьный-2" ықшамауданында "Луна" кафесінде орналасқан кәуапханамен дәретхананы жермен жексен етті, деп хабарлайды Тoday.kz тілшісі

Сот орындаушы Рахым Орынбаевың айтуынша, МСҚБ 2015 жылы 26 маусымда құрылыстарды талап ету арызына шешім шыққан және де қожайындарына ескертілген. 

"Бүгінгі күні арнайы техниканың қатысуымен еріксіз бұзуға мәжбүр болдық. Талап арызды МСҚБ берген,  себебі онда заңбұзушылықтар анықталған. Сүру жұмыстары бюджеттік қаржы арқылы жасалуда. Арнайы техника мен жұмысшылар аудандық әкімдіктен тартылды. Соңында, осында кеткен барлық қаражат заңсыз құрылысты салушыдан өндіріледі", - деп хабарлайды Рахым Орынбаев.

Намаз Әлиев, "Луна" кафесінің басшысы қызметін атқарушысының айтуынша соттың шешімін олар сәуірде алған. Соған қарамастан, олар құрылыстың заңсыз салынғанын мойындады.

"Біз келісеміз. Заңның аты заң. Кеше бізді факт алдында қойды. Ертең сағат 12:00-де келеміз деді.  Екі күн уақыт бергенде ғой, біз өз күшімізбен бұзар едік.  Бұрындары неге бұзбадық дейсіз ғой? Адамдық фактор. Өтіп кетерміз деп ойладық. Енді бізге әзірше кәуапсыз жұмыс жасауға тура келеді", - деді Намаз Әлиев.

Фото - фото: Today.kzФото - фото: Today.kzФото - фото: Today.kzФото - фото: Today.kzФото - фото: Today.kz

Сот орындаушысының айтуынша, соңғы кездері сегіз нысан бұзылған. "Тағы 7 нысан бар, олар Алматы қаласы Әділет департаментінде қарастырылуда. Алайда, МСҚБ ақпараты бойынша, басқа да нысандар бар", - деді Орынбаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Юбилейный" супермаркетінде болған өрттен кейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы заңсыз салынған барлық ғимараттарды сүру мәселесін шешуді тапсырған.

Осыдан бірнеше күн бұрын, Алматыда заңсыз салынған дөнер кафесі сүрілген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!