Биыл Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады

Фотография - Биыл Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады

Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын, 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған

150 0

Қалада балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жыл соңына дейін "Алматы" ауданында 10, "Сарыарқа" ауданында - 19, "Есіл" ауданында – 6 аула абаттандырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын, 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасалады. Азаматтардың таза ауада жаттығуына да баса назар аударылады. Осы мақсатта бес гимнастикалық алаңда 56 тренажер орнатылады. Абаттандыру жұмыстары барысында 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық, 8 күрке мен 8 кір жаятын алаң жасалады. Сонымен қатар, аданы 12 801 шаршы м жердің асфальтбетон жабыны жөнделіп, 4 465 шаршы м жерге жаңадан асфальт төселеді.

Былтыр 27 аула жаңартылды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін балаларға арналған 36 және 11 спорт алаңы жасалды, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 күрке, 38 кір жаятын алаң орнатылды. Сондай-ақ, жаңа тұрақ орындары пайда болды.

"Есіл" ауданында 6 аула абаттандырылады. Жаңа ойын және спорт алаңдары қойылып, бұзылған элементтер қалпына келтіріледі. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында сапалы, қауіпсіз шағын сәулеттік пішіндер, тренажерлар пайдаланылады.

"Сарыарқа" ауданында 707 аула аумағы орналасқан. Үстіміздегі жылы 19 аула жаңартылатын болады. Абаттандыру бағдарламасы Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарын да қамтиды. Атап айтқанда, 8 гимнастикалық алаңға 80 тренажер орнатылады, жасанды жабын төселген 7 жаңа спорт алаңы, резеңке жабын төселген 7 балалар алаңы, құмда ойнауға арналған 8 алаң және түрлі шағын архитектуралық пішіндер тұрғындардың қолданысына енгізіледі.

2015 жылы "Сарыарқа" ауданында 14 аула абаттандырылып, 214 әткеншек, сырғанақ, орындық пен қоқыс жәшігі қойылды. Спортпен шұғылданып, белсенді демалысқа арналған 3 гимнастикалық алаңға 33 тренажер орнатылды, заманауи экологиялық қауіпсіз материалдардан әзірленген жасанды жабын төселген 2 жаңа спорттық алаң жасалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!