Чехия Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми растады

Фотография - Чехия Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми растады

Чехия энергетикалық құрылымында электр энергиясын, жылу және көлік отынын өндіруге арналған жаңартылған энергоресурстардың орны аса маңызды

386 1

Чехия Республикасы өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми растайтынын мәлімдеді.

Экспозицияларды дайындауға және сүйемелдеуге жауапкершілік Чехия Өнеркәсіп және сауда министрлігіне жүктелді, олар 2016 жылғы 30 маусымға дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға тұжырымдамалық жоба туралы конкурс жариялады. Қатысу үшін  2016-2017 жылдар кезеңіне Чехия мемлекеттік бюджетінен 98,9 млн крон  (3,63 млн еуро) бөлінді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Чехия энергетикалық құрылымында электр энергиясын, жылу және көлік отынын өндіруге арналған жаңартылған энергоресурстардың орны аса маңызды. Мемлекеттік субсидиялауды қоса алғанда, жаңартылған энергоресурстарды дамытудың бірқатар бағдарламалары бар.

ЭКСПО-2017 хатшылығының ақпаратына сәйкес Чехия Республикасы көрмеге қатысатынын ресми растаған 89-шы ел болды.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


тм 16 мау. 2016

Чехия впервые участвует в ЭКСПО, поэтому особенно приятно, что это произойдет именно на нашей выставке в Астане. Тем более и бюджет выделен для этого весьма солидный чешским правительством.

Жауап беру