Олжас Сүлейменов: Лаңкестік тарихымызда ешқашан болған емес

Фотография - Олжас Сүлейменов: Лаңкестік тарихымызда ешқашан болған емес

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттерді Қазақстанның бірлігін, ұйысқан ынтымағын қаламайтындар халықты үрейлендіру үшін жасады.

203 0

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттерді Қазақстанның бірлігін, ұйысқан ынтымағын қаламайтындар халықты үрейлендіру үшін жасады. Егемендігінің 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған ел үшін кез келген лаңкестік әрекет жат. Еліміздің ақындары мен ғалымдары осындай пікір білдірді.

"Мұндай лаңкестік оқиғалар біздің тарихта болған емес. Тіпті, азаматтық соғыс пен ішкі қақтығыстар да қазақстандықтарды мазаламаған. Халық пен биліктің үйлесімділігінің арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Ақтөбедегі жағдай – шынымен шектен шыққандық. Оны билік өз бақылауына алуы керек. Теріс ағымды терроршыларға имамдар мен мешіттің де күші жетпейді. Бірлесе, ел болып, құқық қорғаушыларға көмектесіп, қарсы тұруымыз қажет", - деді ақын Олжас Сүлейменов.

Түркі академиясы орталығының жетекшісі, профессор Әділ Ахметов те Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікірін білдірді.

"Кез келген террорлық әрекетті дінмен байланыстыруға болмайды. Террористердің діні де, ұлты та болмайды. Оның Отаны да болмайды. Өйткені террористердің мақсат-мүддесі мүлде бөлек. Олар үрей тудыру үшін, елді шайқап кету үшін бірлік пен ынтымақтың болмағанын қалайтын, сондай бір жауыздық жаман пиғылды адамдардың істейтін әрекеттері. Біздің құқық қорғау органдарының дер кезінде осындай іс-әрекеттерді түптамырымен жойып жіберуге жасаған әрекеттерін мен құптаймын", - деді ол.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!