"Еуразия" ісі бойынша сотқа дейінгі отырыс болды

Фотография - "Еуразия" ісі бойынша сотқа дейінгі отырыс болды

Фото: today.kz

Арызданушы Н. Жұмабековте сот барысында жауапкер тараптан өзін БАҚ-пен бір қатарға қоймауын сұрады.

301 0

Қарағандылық заңгер Нұрмахан Жұмабековтың шағымы бойынша "Еуразия" телеарнасына қатысты сот барысында телеарна өкілі Дмитрий Братусь судьядан журналистердің фото, видеоға түсіруіне тыйым салуды сұрады, - деп хабарлайды  Qamshy.kz exclusive.kz-ке сілтеме жасап.

Судья Татьяна Черныш телеарна өкілінің өтінішін жартылай  қанағаттандырды. Сот залында журналистерге түсірілім жасауға рұқсат берілгенмен, телеарна өкілінің бейнесін түсіруге шектеу қойылды. Сондай-ақ, судья әзірленетін материалдарда журналистерге отырысқа баға беретін коментарийлерден аулақ болуды, тек құрғақ фактілерге сүйенуді міндеттеді.  

Телеарна өкілі сот отырысы барысында жасалған түсірілім істі қарауға кедергі келтіріп, тіпті, жауапкер тарапқа қауіп төндіруі мүмкін екен.

"Біз кез-келген фото, видео түсірілім, тедио және телетрансляция аталған істің мән жайын анықтауға кедергі келтіріп, жауапты тараптың өкілдеріне қауіп төндіруі мүмкін. Талапкер жаққа ондай қатер төнеді деп ойламаймыз", - деген арна өкілі алдыңғы сот отырысынан кейінгі кей ақпарат құралдарының, атап айтқанда Азаттық радиосының жұмысына сын айтқан.

"2016 жылғы 30 мамырдағы отырыстың Азаттық тілшілері әзірлеген видеожазбасы және интернет желісінде осы БАҚ-тың сайтында жұртқа жеткізілген мәліметтер аудиотрияның шағымданушыға, оның қызметкерлері мен өкілдеріне қолдауын туғызатын пікірлермен сүйемелденген", - дейді телеарна өкілі.

Сотта сөйлеген арна өкілі ақпарат құралдары арқылы агрессивті топтардың телеарна журналистеріне, өкілдеріне деген өшпенділігі артуы мүмкін екендігін айтады.

"Бұның салдары жауапкер тарап үшін жағымсыз аяқталуы мүмкін. Бейтарап тұлғалар үшін интернетке салынатын фото, видео материалдар «мыстандарға соғыс ашуға» себеп болуы мүмкін. Сондықтан мен өзімнің танымал болғым келмейтіні түсінікті деп ойлаймын", - дейді "Еуразия" заңгері.

Арызданушы Н. Жұмабеков те сот барысында жауапкер тараптан өзін БАҚ-пен бір қатарға қоймауын сұрады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!