Түлектерге жұмыс табуға көмек көрсетіледі

Фотография - Түлектерге жұмыс табуға көмек көрсетіледі

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды

84 0

Астанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, - деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.

Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.

Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!