Полицейлер Ақтөбедегі терактіде қаза тапқандардың отбасыларына ақша аударды

Фотография - Полицейлер Ақтөбедегі терактіде қаза тапқандардың отбасыларына ақша аударды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері ерлік, патриотизм және антқа адалдығын танытып, лаңкестердің жолын бөгеді.

333 0

Елордалық полицейлер Ақтөбе қаласында жасалған террорлық акті салдарынан зардап шеккендердің отбасыларына бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астананың ішкі істер департаментінің қызметкерлері орын алған ауыр қайғыға бей-жай қарап отыра алмады. Олар әріптестерінің отбасыларына көмек ретінде, сондай-ақ жараланған қызметкерлерді емдеу мен сауықтыру үшін бір күндік жалақыларын аударды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері ерлік, патриотизм және антқа адалдығын танытып, лаңкестердің жолын бөгеді, деп хабарлады Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

"Өкінішке қарай Ақтөбедегі қанды оқиғада құрбан болғандар бар. Біз қатты қайғырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Ал лаңкестердің әрекеттеріне лайықты тойтарыс беріп, жарақат алып қалған әріптестеріміздің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Полиция қызметкерлері мен олардың отбасыларына көмек көрсетіп отырмыз және алдағы уақытта да көрсететін боламыз. Бүгін елордалық ішкі істер департаментінің жеке құрамы тұтастай лаңкестікке қарсы күрес күресте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген тәртіпте қызмет етіп жатыр", - деді Астана ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!