Айсұлтан Назарбаев қызды болды

Фотография - Айсұлтан Назарбаев қызды болды

Бұл қуанышымен Айсұлтан Назарбаев әлеуметтік желіде бір сағат бұрын бөлісті.

4962 0

Айсұлтан Назарбаев қызды болды. Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеген.

"Достар, бүгін – менің өмірімдегі ең бақытты күн, қуанышты жаңалығыммен сіздермен де бөліскім келіп отыр. Кеше түнде менің жұбайым өмірге қыз әкелді. Тұңғыш сәбиімізді күткендегі іштегі толқыныс пен қобалжуды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл Жаратушы Алланың бізге берген ұлы сыйы. Кейбір себептерге байланысты мұны ертерек айтуды жөн көрмедім. Кез келген қарапайым адам үшін отбасы – ең басты құндылық, мен үшін де солай болып қала береді. Егер мұнымен келіспейтіндер болса, онда өте өкінішті. Құдайға мың да бір шүкір, бұл күнге де аман-есен жеттік", - деп жазды А.Назарбаев

Естеріңізге салып өтсек, Айсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, ҚР вице-премьер-министрі Дариға Назарбаеваның екінші ұлы.

Айсұлтанның әйелі Әлима – "ҚазРосГаз" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы. Әлиманың атасы – танымал актер Әнуар Боранбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!