ОҚО-да аграрлық салада білікті мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртуды қолға алмақ

Фотография - ОҚО-да аграрлық салада білікті мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртуды қолға алмақ

Пленарлық мәжіліс пен секциялық жұмыстар сынды екі бөлімнен тұрған конференцияда бас-аяғы 90 баяндама тыңдалды

97 0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент аграрлық колледжінде «Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Еліміздегі 10 базалық колледж қатарына енген оқу орнында ұйымдастырылған республикалық жиынға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева қатысып, аталған тақырып аясында баяндама жасады, деп хабарлады  ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Заманауи жаңа технологияларды игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыруды мақсат тұтқан жиында еліміздің түкпір-түкпірлерінен келген 90 колледждің басшылары өзара тәжірибе алмасты.

Конференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков соңғы төрт жылда аймақта сұранысы төмен 54 мамандыққа мемлекеттік тапсырыс беру тоқтатылып, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, соңғы екі жылда 20 мамандықтың ашылғанын хабарлады.

"Атап айтқанда, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырып отырған кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлау мақсатында Шымкент қаласы бойынша 10 мамандық ашылса, облыстың және аудан, қаланың даму бағдарламасына сәйкес Шардара ауданы бойынша 3 мамандық құрылды. Сонымен қатар, Мақтарал ауданы бойынша егістіктер мен мақта алқаптарына дренаждарды іске қосуға байланысты 1 мамандық жаңадан жұмысын бастап, Түркістан және Кентау қалаларын газдандыру мен канализациялық жүйелерді іске қосу бойынша 2 мамандық ашылды", - деді Ұ.Сәдібеков.

Осылайша, пленарлық мәжіліс пен секциялық жұмыстар сынды екі бөлімнен тұрған конференцияда бас-аяғы 90 баяндама тыңдалды. Аграрлық салада мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту тақырыбында оқылған жұмыстар - агрономия және орман шаруашылығы, зооветеринария, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрмен қамтамасыз ету, сонымен қатар, азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы бағыттарында жасалды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 90 колледжде (42-і мемлекеттік, 48-і жекеменшік) 97 мамандық бойынша білім берілуде. Аталған оқу орындарында 71 мыңға жуық студент оқыса, оның 27 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыспен оқиды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!