Елордада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Фотография - Елордада кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

11-30 маусымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі Уәлиханов көшесінен Сембинов көшесіне дейін жартылай жабылады

165 0

Елордада жол жөндеу және асфальтбетон жабынын профилактикалық қорғау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осыған байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

- 11-30 маусымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі Уәлиханов көшесінен Сембинов көшесіне дейін жартылай жабылады;

- 11-15 маусымда Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;

- Кравцов – Уәлиханов көшелерінің қиылысы 10-12 маусымда жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 9-12 маусымда Достық көшесінің Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың қозғалыс сызбасы да уақытша өзгереді.

2016 жылғы 11 маусымнан бастап №102 экспресс маршруттың қозғалыс бағыты жартылай өзгереді: бастапқы пункт – Көктал-2 т/а - Орынбор мен № 31 көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі – Орынбор к-сі – Орынбор к-сі мен Қабанбай батыр даңғылында бұрылады (Family Town т/к) – Орынбор к-сі (№ 31 көшеге кірмейді) – одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.

11 маусымнан бастап № 39 бағдардағы автобустың қозғалыс сызбасы: бастапқы пункт – «Астана инерт», одан әрі – Көктал к-сі – Оқжетпес к-сі – Бәйсейітова к-сі – Фахд бен Абдулл Әзиз к-сі – Ақан сері к-сі – Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тасжолы – соңғы пункт "Шарын" базары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!