Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры басқармасы басшысы ауысты

Фотография - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры басқармасы басшысы ауысты

фото: otyrar.kz

Еңбек жолын 2001 жылы бастап, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасады.

144 0

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма Төрағасы болып Жандар Омаров тағайындалды деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 6 маусымдағы №7 күндізгі отырысының шешімімен 2016 жылғы 7 маусымнан бастап "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма Төрағасы болып Омаров Жандар Даниярбекұлы сайланды",- делінген хабарламада.

Ж.Омаров М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша (2001); АӨК экономикасы және ауылдық аймақтарды дамыту ҒЗИ (аспирантура) "Экономика және халық шаруашылығын басқару" мамандығы бойынша (2004); University of Stirling (UK) магистратурасын "Болашақ" стипендиалдық бағдарламасымен «Қаржы» мамандығы бойынша (2011 ж.) тәмамдады.

Еңбек жолын 2001 жылы бастап, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік қызметте жұмыс жасады. "ҚазАгроИнновация" АҚ, "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" АҚ директорлар кеңестерін басқарған.

2010-2012 жж. — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялық саясат департаменті, Стратегия және корпоративті даму департаменті директорының орынбасары, Ғылым департаменті директорының қызметін атқарған. 2012-2015 жж. — "Максимум" Аймақтық инвестициялық орталық" АҚ басқарма төрағасы. 2016 жылдың ақпанынан — "ЮгРегионПласт" ЖШС басқарушы директоры.

newskaz.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!