Алматыдағы жәрмеңкеге Жамбыл облысы құны 200,0 млн. теңгенің тауарын апарды

Фотография - Алматыдағы жәрмеңкеге Жамбыл облысы құны 200,0 млн. теңгенің тауарын апарды

Сонымен қатар, 33,9 тоннадан астам облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкеге ұсынылуда

117 0

Жамбыл облысының тауар өндірушілері Алматы қаласының тұрғындарына өз тауарларын 20 пайыз төмен бағамен ұсынуда, деп хабарлады Baq.kz.

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде.

Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне құны 200,0 млн. теңгеден астам 220 тоннаға жуық ауыл шаруашылық тауарлары ұсынылуда. Атап айтқанда, 57,5 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, шошқа), 16,2 тонна сүт өнімдері, 112,4 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері (картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, алма, қырыққабат) бар.

Сонымен қатар, 33,9 тоннадан астам облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкеге ұсынылуда. Оның ішінде ара балы, құрт, ірімшік, макарон өнімдері, өсімдік майы бар.

Жамбыл облысының тауар өндірушілері Алматы қаласының тұрғындарына өз тауарларын 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!